Қазақ әуені Еуропа төрінде әуеледі. ҚР Еңбек сіңірген артисі Майра Ілиясованың жетекшілігімен «Нұр Орда» фольклорлық-этнографиялық ансамблі Будапештте өнер көрсетті. Қазақ ұлттық өнер академиясының жанынан құрылған шығармашылық топ Венгрия астанасында қазақтың 20-дан астам туындысын орындады. Шетелдік тыңдарман «Япыр-ай», «Ақерке», «Бозбала» сынды қазақтың халық әндерін ыстық ықыласпен қабылдады. Әсіресе, Құрманғазының «Сарыарқа» күйіне елтіп, шалқыған шабыттың екпініне қайран қалысты. Студенттерден құралған шығармашылық топтың мәдени кешіне Қазақстанның Венгриядағы елшілігі қолдау көрсетіп, концертке саясаткерлер, дипломаттар мен елді аңсап жүрген қандастарымыз жиналды.

МАЙРА ІЛИЯСОВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:

 - Ұзақ қол соғып, одан кейін орындарынан тұрып он минуттай қол соқты. Балаларымыз кетпей, тағы бір күй орындап берді. Оның барлығы мынау қазақ музыкасының оның ішінде дәстүрлі музыка этникалық музыканың керемет қасиеті. Мен ойлаймын біздің қазақтың ұлттық дүниесі, қазақтың этникалык музыкалары қай жерге барсақта, қазақ халқының қасиетін көтеріп, Қазақ деген ел бар екен, Қазақстан деген керемет мемлекет бар екен осы ұлттық дүние арқылы паш еткізіп келе жатырмыз.

ТОМАШ, КӨРЕРМЕН:

 - Қазақтың әнін сүйсіне тыңдаймын. Бүгін ұлттық аспаптарыңыз - домбырамен орындалған туындыларды ерекше тебіреніспен қабылдадым. Керемет сезімге бөленіп, халық әні мен күйді тыңдағанда қазақ жерінде жүргендей болдым.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер