Музыкалық аспаптарды жаңғырту. Абдумалик Мадраимов IX ғасырға тән ұлттық музыкалық аспаптарды қайта жаңғыртып жүр. Шебер Ғичаки бабури, Дилрабо, Дилнаво, Мирас және Хуш хаво сияқты көне бұйымдарды жасауға шынар, тұт және жеміс ағаштарын пайдаланған. Ұста қатты материалдан жасалған бұйымдар шыдамды келеді дейді.

АБДУМАЛИК МАДРАИМОВ, ШЕБЕР:

 - Домбыра мен Дутардың көрінісі мен техникасында еш айырмашылық жоқ. Біз арнайы шеберхана жасадық. Онда өзбектің шертпе аспаптарынан бастап саз сырнайға дейін жасаймыз. Қазақ, Тәжік, Түркімен халықтарының ұлттық аспаптарын да жасап шығарамыз. Қазіргі күні Қазақтың қияқ қыл қобызы және контрабас дайындап жатырмыз.

Шебер музыкалық аспапты жасамас бұрын оның сазының дыбыстық өзгеріске ұшырамауын қадағалайды. Ол ұлттық аспаптың ұлы үнін ғасырдан ғасырға жалғамақ ниетте. Атадан балаға мирас болар өнерді шебердің ұлы да жалғап келеді.

САРДОР МАДРАИМОВ:

 - Бұл туындыны «Әндіжан рубабы» деп атадық. Тарихи миниятюралық суреттерге қарап жасадық. «Қашқар бабына» ұқсатып келбетін аздап үлкейттік. Қақпағын тері емес тұттан жасадық. Бұрын былғарымен қапталатын. Дыбысын да ерекшелік пайда болды.

Абдумалик Мадраимовтың ұлттық аспаптарды жаңғыртуы тегін емес. Ол музыканттарға көне этникалық үнді тірілтуге, ескі аспаптарда еркін ойнауға мүмкіндік беріп келеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер