Жарқын свитшоттар, заманауи көйлектер мен шалбарлар, үлгісі ерекше киімдер. Елордада «Есіл еркесі» атты қазақстандық жас дизайнерлер фестивалі ұйымдастырылды. Сұлулық мерекесінде фэшн-жаңалықтар, көктем-жаз және күз-қыс топтамалары ұсынылды. Мұның барлығы – жас кутюрьелер мен технологиялық жоғары оқу орындары студенттерінің жұмыстары. Сән әлеміне алғашқы қадам жасап отырған дизайнерлер өз еңбектерінде ұлттық нақышқа басымдық беріпті. Шеберлердің топтамаларында қазақтың ою-өрнектері мен дәстүрлі тігіс мәнері жиі кездеседі. Мысалы, дизайнерлер ұлттық нақышта безендірілген қысқа кеудешелерді киізден жасалған бас киіммен киюге кеңес береді. Дәстүр мен жаңашылдық үйлесім тапқан фестиваль Астананың 20 жылдығына орайластырылған. Залдың безендірілуі, көрерменге таныстырылған топтамалар жас қаланың әсемдігін жеткізіп тұрғандай.

ҚҰРАЛАЙ ӘБІШЕВА, ДИЗАЙНЕР:

 - Мен әжемнің жұмыстарынан шабыт аламын. Бала кезімнен көрген-білгенімді қазір өз жұмыстарымда қолданып жүрмін. Әжемнен киіз жасауды үйрендім. Қазір жастар мен орта жастағы тұтынушыларға арнап ұлттық өрнектермен безендірілген киім үлгілерін жасаймын.

ДИНАРА МАҚАШЕВА, ФЕСТИВАЛЬГЕ ҚАТЫСУШЫ:

 - Мұнда түрлі дәуірден сыр шертетін топтамалар бар. Мысалы, 2019 жылға арналған топтамаға тоқталсақ, біз 90-шы жылдары киген киім үлгілерін назарға алдық. 2019 жылғы күз-қыс топтамасын бүгін осында жиналған көрермен тамашалап, өз бағасын беретін болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер