Ұлтаралық достық пен бірлікті нығайту. Осы мақсатта Қазақ ұлттық мәдени орталығы Ташкентте жастар форумын ұйымдастырды. Оған Өзбекстанда тұрып жатқан қазақ жастары мен өзге де ұлт өкілдері қатысты. Шара барысында «Тәрбие ісі мен конфессиялық келісім» мәселелері, ұлтаралық бірлікті нығайту тұрғысында пікір алмасылды. Бауырлас елдердің жастары ежелден қалыптасқан ынтымақтастықты нығайтуға, рухани сабақтастықты жалғастыруға дайын.

СЕРІКБАЙ ҮСЕНОВ, ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Жастар келешегін білуі керек. Келешекте қандай адам болады. Елге қандай жәрдем береді соны ойлануы керек. Оның тәрбиесін ойлауымыз керек. Сол үшін жастар оқысын дейміз. Оқыса жаман болмайды. Өз ақылымызды айтамыз. Кітапқа деген көңілін оятып, көбірек оқыса, өз тарихын біледі. Тарихын білген адам кем болмайды. Тарихты білген адам өзінің елін біледі.

ҚАРЛЫҒАШ ТҰРҒАНӘЛИЕВА, ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫ:

 - Барлық ұлт өкілдері бір-бірімен достық қарым-қатынаста болуын нығайту мәселелері көтерілді. Өзбекстан мен Қазақстан мемлекеттері бір-бірімен достық қарым қатынаста болуы. Өзбекстан Республикасының бізге қазақ ұлт өкілдеріне жасап жатқан мүмкіндіктері көп. Мысалы, Ташкент облысында 120-ға жуық мектеп бар. Бұл мектептерде тек қазақ тілінде сабақтар өткізіледі. Жастарға ана тілінде білім алуға мүмкіндік жасалып жатыр. Барлық ұлт өкілдерімен  достық қарым-қатынаста болуымыз керек, деген ойдамын.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, ел астанасы Ташкентте 100 мыңға жуық қазақ тұрып жатыр. Сондай-ақ, қандастарымыз Өзбекстанның Сырдария, Науаи, Бұқара, Ташкент облыстарында және Қарақалпақстан республикасында шоғырланған. Жалпы бүгінде Өзбекстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бар. Олардың барлығына өз тілі мен салт-дәстүрлерін сақтауға жағдай жасалған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер