Қазақстанда «француз көктемі» басталды - Kazakh TV

Қазақстанда «француз көктемі» басталды. Осындай атаумен еліміздегі Франция, Бельгия, Канада, Марокко және Швейцария мемлекеттерінің елшіліктері франкофония фестивалін ұйымдастыруда. Франкофония – 80 елді біріктіретін геомәдени кеңістік. Ол осымен 18 жыл бойы өткізіліп келеді. Бүгінде әлемде 274 миллионнан астам адам француз тілінде сөйлейді. Сондықтан мұндай фестиваль зор қызығушылыққа ие. Әдеттегідей, оның аясында ел қалаларында түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылады. Мысалы, елордалық көрермен «Француз көктемінің» аясында француз тіліндегі кинотуындыларды тамашалай алмақ. Анимациялық фильмнен бастап шытырман оқиғалы картиналарға дейін көрсетіледі. Фильмдерге қойылған маңызды талап – туындылар соңғы 3-4 жылда жарық көрген болуы тиіс. 

УРС ШМИД, ШВЕЙЦАРИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 - Бес бірдей елшілік бірлесе ұйымдастырып отырған бағдарлама ауқымды. Негізінен мәдени шаралар жоспарланып отыр. Киноапталықты Швейцарияның танымал анимациялық фильмінен бастап отырмыз.

ФИЛИПП МАРТИНЭ, ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 - Біз үшін кинематограф үлкен мұра. Кино дәстүріміз қалыптасқан. Туындыларымызда адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы жалпы өмір  мәселесін көтереміз. Яғни маңызды мәселелерді өнер арқылы жеткіземіз.  Біз осы дәстүрімізбен өзгелермен бөлісуді жөн санаймыз.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер