Икебана – рухани тәрбие өнері

Жапонның ежелден келе жатқан ұлттық өнері – икебана. Күншығыс елі халқының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан рухани тәрбие салтымен елордалықтар таныса алды. Астанада профессор Мидори Ямада жұмыстарының көрмесі өтті. Қызығушылық танытушыларға икебана жасаудың қыр-сыры түсіндіріліп, шеберлік сабағы берілді.

МИДОРИ ЯМАДА, РЕСЕЙДЕГІ ИКЕНОБО ФИЛИАЛЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

 - Бізде ең маңыздысы кеңістік бар және әрбір өсімдік өз мағынасына ие. Сондықтан бұл үйлесімділік өнері десек те болады. Икебанамен айналасу қиын. Шыдамдылық пен сабырлықты қажет ететін өнер оның меңгергенге таусылмас азық сыйлайды. Ол табиғатқа құрметпен қарауға, қамқорлық танытуға, әсемдікті бағалауға үйретеді.

КЕНЕС АРЫСТА, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ 7 КЛАСС ОҚУШЫСЫ:

 - Осы икебана ол жай гүлді вазаға сала салу емес. себебі, икебанада ол вазада тұрған гүл сенің ойынды, танытқан сезіміңді айта алады.

Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан жапондардың ұлттық өнері бүгінде әлем мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналды.