Елордада атақты ағайынды Гриммдер шығармашылығына арналған көрме ашылды - Kazakh TV

Қазақстан мен Германия елдерінің өзара мәдени сабақтастығы. Елордада атақты ағайынды Гриммдер шығармашылығына арналған көрме ашылды. Ұлттық мұражайда түрлі жылдары жарық көрген 200-ге тарта кітап, илюстрациялар мен картиналар көпшілік назарына ұсынылды. Олардың арасында «Қызыл телпек», «Күлшеқыз» бен «Ұйқыдағы аур» сынды аса танымал ертегілерге қатысты экспозициялар бар. Көшпелі көрме еліміздің бірқатар қалаларын аралап үлгерген. Енді бұл туындылар Алматы қаласына аттанбақ. Ағайынды Гриммдер шығармашылығы 180 тілге аударылып, ЮНЕСКО-ның тізіміне енген әлемдік деңгейдегі мәдени мұра саналады.

ВАЛЕНТИНА ГОЛДМАНН, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ГЕРМАНИЯ ЕЛШІЛІГІНІҢ ӨКІЛІ:

 - Мен бұл көрменің дәл осындай жерде өтіп жатқанына аса қуаныштымын. Қазақстанның бас қаласындағы ұлттық мұражайда ағайынды Гриммдер шығармашылығынан сыр шертер экспонаттар қойылып отыр. Үш айға созылатын көрмені елшіліктің тапсырысымен Германиядан арнайы шақыртылған сарапшылар әзірледі. Бастамамызды мұражай ұжымы бірауыздан қолдап, көрменің сәтті өтуіне үлкен көмек жасады.

Сондай-ақ таңғажайып  ертегілер әлеміне арналған көрме аясында балалар суретінің байқауы жарияланған болатын. Оған барлығы 160 жас қылқалам шеберінің еңбектері қатысып отыр. Балғындар жұмыстарында Уилл мен Якоб Гриммдердің ертегілеріндегі сүйікті кейіпкерлерін бейнелеген. 

АЙГУЛЬ КЕМЕНГЕРОВА, ҰЛТТЫҚ МҰРАЖАЙ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Көрме Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жыл толуына орайластырылған. «Ғажайып ертегілер» атты байқау ағайынды Гриммдер туындыларының желісі бойынша салынған суреттерге арналды. Көрмеге үздік деп танылған 45 жұмыс қойылды. Жалпы байқауға қатысуда Астана қаласының 30-ға тарта мектептің оқушылары белсенділік танытты. Араларынан жүлдегерлер анықталып, марапатқа ие болды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер