«Біз – әртүрліміз, біз – теңбіз, біз - біргеміз». Қарағандыда Алғыс айту күніне орай осылай аталған фестиваль өтті. Көрмеден бастау алған байқауда жастар 15 ұлттың салт-дәстүрі мен тарихынан сыр шертетін қойылымдар көрсетті.

АЙГҮЛ ҰҢҒАРБАЕВА, ҚММУ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

 - Жастардың достығын одан әрі нығайтып, оларды бірге ынтымақтастыққа және де бірлікке сондай ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Фестиваль 6 аталым бойынша өтті. Оның ішінде сәндік-қолданбалы өнер, ұлттық әндер мен билер, ұлттық киім, әдеби өнер мен театр өнері бар.

СҰЛТАН МАҚСАТҰЛЫ, СТУДЕНТ:

 - Әрине мұндай фестивальдер бізге керек. Әр ұлттың салт дәстүрін біліп жүру біздің еліміздегі жастарға артық болмайды деп ойлаймын. Түпкі мақсат осы ұлттардың салт дәстүрін дәріптеп көрсету. Менің ойымша бүгін кім жеңседе достық жеңеді.

Осымен 5-ші рет өткізіліп отырған «Біз –әртүрліміз, біз – теңбіз, біз - біргеміз» фестиваліне қатысушылардың саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Шараның  мақсаты - жастардың арасында ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтып, сырттан келетін студенттерге төл мәдеиетімізді таныстырып, ұлттық құндлылқтарымызды дәріптеу,-дейді ұйымдастырушылар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер