Абай Құнанбаевтың әйгілі «Айттым сәлем қаламқас» шығармасын америкалық «Humming house» фолк тобы шырқады. Шетелдік музыканттар жергілікті музыка колледжі студенттерімен бірге ақынның мекені Семей қаласында өнер көрсетті. Ағылшын тілінде айтылған туындылар да көпшіліктің көңілінен шықты. Олар Батыс пен шығыс музыкасын үйлестіре орындап, жиналған аудиторияға ерекше көңіл-күй сыйлады.

МЭТЬЮ УИЛСОН, ҚР АҚШ МӘДЕНИЕТ ЕЛШІЛІГІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Бұл жігіттер «Шетелдегі америкалық музыка» бағдарламасы аясында Теннеси штатынан келген. Біздің музыканттар әлем елдерін аралап, өз музыкасын таныстырып қана қоймай, басқа халықтардың әндерін үйреніп, орындайды. Міне, осындай мәдени алмасу жобасы десек болады.

НАЗЕРКЕ АҚҚОЖИНА, СЕМЕЙ Қ. МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Негізі бұл кісілердің концерті еліміздің Астана және Алматы қалаларында ғана жоспарланған болатын. Бірақ қалалық мәдениет бөлімі қазір АҚШ елшілігімен тығыз байланыс орнатып, алдағы уақытта мұндай шараны жаздың күн жылы уақытында халыққа тағы бір 2 топты әкеліп, тағы тамаша концерттер ұйымдастырмақ ниеттеміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер