Жаңа белес. Тыңдарманға Адам атымен танылған қазақстандық жас әнші Дәурен Оразбеков Ресей мен Германия музыканттарымен бірлесіп халықаралық «Мадам Икс» жобасын әзірлеп жатыр. Қазір Мәскеуде жаңа әндер жазылып, бейнебаян түсіру жұмыстары басталып кетті. Еске салсақ, Адам алғаш рет Беларусь елінде өткен «Славян базары» байқауында бірінші орын алып, көпшілікке танылған еді.

АДАМ, ӘНШІ:

 - «Vintage sound» studioсында жобаның промо роликтерін жазамыз. Әндердің кавер нұсқасы да ұсынылады. Бұл жобаның аясы кең, мақсатымыз - қазақстандықтарды ғана емес, ресейлік аудиторияны да қамту. Германияға да баруымыз мүмкін. Біздің солистер мықты.

Жобаның екінші қатысушысы – жас болса да, Еуропада танылып үлгерген украиналық саксофоншы Максим Варшавский. Музыканттар 2013 жылы «Новая волна» конкурсында танысқан. Ал төрт жыл өткен соң Астанада өткен ЕХРО-да кездесіп, шығармашылық жолында бірлесіп жұмыс істеуге келісіпті.

МАКСИМ ВАРШАВСКИЙ, САКСОФОНШЫ:

 - ЕХРО 2017-де біз бірлесіп жоба құруды жоспарладық. Қазақтың тілі мен әуені өте қызықты. Біз қазір әдемі әуезді әндерді жаза бастадық. Тіпті, бірінші кезекте қазақша әнді жазып, кейін орыс тіліндегі ән жазуды шештік.

Музыкалық продюсер Руслан Магомедовтың айтуынша, әнші Адамның дауысы мен орындау шеберлігі өзгеше. Оның әуезді үні көп әншілерге ұқсамайды, ерекшеленіп тұрады, дейді. 

РУСЛАН МАГОМЕДОВ, ПРОДЮСЕР:

 - Маған оның кәсібилігі ұнады. Әнді сезіне біледі. Ол ән айтқан кезде жүрекке жеткізіп, елітіп айтады. Кәсби шеберлік. Диапазоны жақсы. Барлық әнге лайықты.

Жобаға тағы бір қатысушы келуі мүмкін. Бірақ оның есімі әзірге құпия. Айтпақшы, аз уақыттан соң жобаның алғашқы бейнеролигі тыңдарманға жол тартады. Жоба авторларының жоспары бойынша, бірінші туынды дүниежүзіне таралып, интернет желісінде қолжетімді болады. Ал бұл – шетел аудиториясын жаулап алуға жасалған алғашқы қадам.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер