ҚазҰӨУ-нің 20 жылдығына арналған «Айман Мұсақоджаева ұсынады...» концерттер шеруі

Астанада аты аңызға айналған композиторлар Чайковский, Вивальди, Моцерт пен Мендельсонның өшпес шығармалары шырқалды. Классикалық туындылардың тамылжыған сазымен елордадағы қазақ ұлттық өнер университетінің 20 жылдығы аталып өтті. Бұл «Айман Мұсақоджаева ұсынады...» деп аталатын концерттер шеруінің алғашқысы. Астананың 20 жылдығына орай құрылған мерекелік бағдарлама алдағы жаз мезгіліне дейін жалғасатын болады. Сахна төрінен АҚШ, Италия, Швейцария, Ресей мемлекеттерінде шеберліктерін шыңдап қайтқан түлектер өнерлерін паш етті. Таңдамалы туындылар «Солистер академиясы, мемлекеттік оркестрінің сүйемелдеуімен орындалды. Әуенді кешке танымал дирижер, Эдуард Шмиддер жетекшілік етті. Екі сағатқа созылған концерттік бағдарлама өнер сүйер қауымның көңілінен шықты.

АЙМАН МҰСАҚОДЖАЕВА,  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

 - Неліктен мен «Айман Мұсақоджаева ұсынады...» сериясын таңдадым. Өйткені бұл  концерттік бағдарламалар арқылы біздің оқу ордамыздың қашама сахна жұлдызын тәрбиелегенін көрсеткім келді.  20 жыл бұрын білім қуған жастар осында оқуға түсті, маман атанды. Бүгінде олардың көбі шетелдерде танымал оркестрлер мен  оқу орындарында табысты еңбек етіп, әлемдік сахналарда, халықаралық деңгейдегі шараларда еліміздің өнерін насихаттап жүр.