Еліміз асық жинаудан Гиннестің рекордтар кітабына енуді жоспарлайды. Қазіргі уақытта елде биіктігі 3 метр, ұзындығы 4 метр болатын асықтардан құралған алып асық бар. Республикалық «Асық ату» федерациясы оны елордадағы ойын-сауық орталықтардың бірінде қоюды ұсынып отыр. Олар сол жерде тұрғындар арасында «асық атудан» жарыстар ұйымдастырылса дейді. 2011 жылы федерация асық ойынының ортақ ережесін бекіткен болатын. Оның үстел  басында ойналатын, жүріп ойнайтын және бес табан атты түрлері бар.

ЖОМАРТ САБЫРЖАНОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АСЫҚ АТУ» ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 - Біз ережесін жазып, бекіттік қазір. Республика көлемінде 8 облыста біздің федерациямыз бар. Олар жұмыс істеп жатыр. 10 мыңдаған балалар асық ойнап жүр қазір. 400-ден аса бапкерлеріміз бар.

«Kazakh Tourism» компаниясы болса, ұлттық ойындарды әлемге таныту мақсатында елімізде асық жинау акциясын өткізеді. Жиналған асықтар алдымен халықаралық көрмелерге қойылып, шетелдіктерге ұсынылмақ. Содан соң қайырымдылық мақсатында балабақшалар мен  мектептерге үлестіріледі.

РАШИД КУЗЕМБАЕВ, «KAZAKH TOURISM» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 - Бірнеше көрме, бірнеше фестиваль өткізейін деп жатырмыз. Сол фестивальдердің ішінде көшпенділер фестивалін өткіземіз. Ол фестивальде халық дәстүрі ғана емес, ұлттық ойындар болады, қазақ күресі болады, тоғызқұмалақ бар. Соның бәрін шетелдік туристерге көрсетеміз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер