Өскемендік жастар театрында «Қол бұйымдарын сатушы» спектаклі сахналанды

Әзербайжандық композитор Үзейір Ғаджыбековтың «Аршын мал алан» атты ең танымал опереттасы Өскемендік жастар театрының қоржынын толтырды. Еуропа елдерінде «Қол бұйымдарын сатушы» спектаклі ретінде танылған музыкалық қойылым әлемнің 187 театрында сахналанған. Сүйгеніне қосылуды көздеген саудагердің ғашықтық хикаясы баяндалған пьеса қазақ жастар театрының репертуарынан ерекше орын алды. Ән мен биден тұратын сахналық кеш үшін режиссер Грузиядан арнайы шақыртылыпты.

ГОЧА ХВИЧИА, ҚОЮШЫ-РЕЖИССЕР /ГРУЗИЯ/:

 - Бізде уақыт өте тығыз болды. Жас труппа тыңбай жұмыс істеуге қабілетті, жаңашылдықты тез меңгеріп алады. Келе сала дайындықты бастап кеттік. Күніне 10-12 сағат дайындалып, бір айдан соң премьерасын өткіздік. Техникалық топ та, артистер де бәріне үлгерді.

АЙДОС НҰРМАҒАМБЕТОВ, АКТЕР:

 - Мюзикл жанры - өте қиын жанрлардың бірі. Оның үстіне комедия. Ал, комедияда мюзиклдан бөлек, өз алдына ауыр жанр. Барымызша тырыстық бір ай көлемінде дайындауға, шығаруға. Жалпы, біз үшін үлкен жетістік, жастар театры үшін үлкен жетістік.