Би де бар, әуен де бар. Корей жаңа жылы осылайша бар сән-салтанатымен аталып өтіледі. «Сольналь» - ай күнтізбесі бойынша жаңа жылдың бірінші күні дегенді білдіреді. Бұл күні кәрістер ерте оянып, «Чаре» атты ата-бабаларын еске алу салтын жасайды. Туған-туысқандармен бірге таңғы ас ішіп, көрші –қолаңға бас изеп, сәлем беру де жаңа жылдың ажырамас бөлігі. Бұл дәстүр – «Сэбе» деп аталады. Мұның бәрін тамашалау үшін Кореяға барудың қажеті жоқ. Астанадағы Корей мәдени орталығында да «Сольналь» кең ауқымда атап өтілді. Мұнда корей халқының ұлттық киімін киіп, «Чегичаги», «Ютнори» сынды дәстүрлі ойындарды да ойнап көруге болды.

ЛИ ХЕ-РАН, АСТАНАДАҒЫ КОРЕЙ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Кореядағы «Сольнальді» Қазақстандағы «Наурыз» мерекесімен салыстыруға болады. Бұл күні ұлттық ойындар ойналып, би мен әннен шашу  шашылады. «Токкук» деп аталатын ұлттық тағамымыз  әзірленеді. Осының бәрін орталығымызға келушілер үшін ұйымдастыруды жөн көрдік. Қазақстандықтар, әсіресе, жастар тарапынан біздің мәдениетімізге деген қызығушылық жоғары. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер