Астанада еуропалық музыка кеші өтті

Еуропалық музыка кеші Астанада. Шетел классикасының жауһарлары, Италияның атақты солистері Марко Скьяво, Серджио Марчеджиани және Рикардо Замунера өнер көрсеткен симфониялық кеш елордада жоғары деңгейде өтті. Концертке Самсун қаласындағы мемлекеттік опера және балет театрынынң дирижері Михаил Кирхгофф дирижерлік етті. Кеште ХІХ-ХХ  ғасырлардағы Еуропа композиторларының  шығармалары шырқалды. Қазақстанның Халық артисі Айман Мұсақожаева жетекшілік ететін «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрі шетелдік және отандық композиторлардың үздік шығармаларын орындап, көрермен қауымға музыка өнерінің тамыры тереңде жатқанын ұқтырды.

АЙМАН МҰСАҚОЖАЕВА, «СОЛИСТЕР АКАДЕМИЯСЫ» МЕМЛЕКЕТТIК КАМЕРАЛЫҚ ОРКЕСТРIНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

- Осы жылда Астанамыздың 20 жылдығын өткіземіз. Қазақ ұлттық өнер университетіне де 20 жыл. Сол 20 жылдыққа біз үлкен концерттер сериясын ашып едік. Поленк музыкасын тыңдаймыз. Барлығын  шетелден келген біздің достарымыз орындап жатыр.