Н.В.Гогольдің әйгілі «Ревизоры» Ақтөбеде. Танымал қойылым заманауи үлгіге лайықталып, қазақ тілінде сахналанды. Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында өткен премьераны көрермен қауым жылы қабылдады. Бұл – жергілікті өнер ордасы мен қазақстандық белгілі артистердің бірлескен жобасы. Сатиралық жанрға негізделген бес актілі қойылымда басты рөлдерді еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері  Болат Әбділманов пен Айгүл Иманбаева сомдайды. Қоюшы  режиссері алматылық маман Жұлдызбек Жұманбаев. Әріптестік жоба – жергілікті шеберлердің кәсібилігін арттырумен қатар өнер әлемінде бірлесіп, өзара байланысты нығайтуға себепкер болады. Айта кетейік, бұған дейін шығарма Астана, Алматы және Семей театрында  сахналанған болатын.

НҰРХАН ҚАБЫРБАЕВ,  Т.АХТАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Енді оларды шақырып, 1-2 күн ішінде шеберлік класын өту мүмкін емес. Сондықтан ол кісілерді 10-15 күн бізбен бірге жұмыс жасауға және премьерада бізбен бірге ойнайтын болып келістік. Сондықтан енді жаман емес. Бұл біздің репертуарымыздағы кәдімгі бір жақсы дүниелердің бірі болады деген ойдамыз.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер