Астанада қазақстандық суретші Алмагүл Меңлібаеваның жеке көрмесі өтті - Kazakh TV

Жасыл, сары, қызыл және тағы да жасыл. Осындай атаумен Астанада белгілі қазақстандық суретші Алмагүл Меңлібаеваның қайталанбас көркем-графикалық жұмыстарының вернисажы өтті. Айта кетерлігі, отандасымыздың шығармашылығы шетелде жақсы танымал. Оның туындылары әлемнің ең ірі галереяларында, соның ішінде Милан, Берлин, Париж, Сидней және Амстерамда жиі ұсынылады. Әлем жұртшылығына танымалдылығына қарамастан, бұл – суретшінің Қазақстандағы алғашқы жеке экспозициясы. Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына соңғы 11 жылда жасалған фотосуреттері мен бейнежұмыстары ұсынылды. 

АЛМАГҮЛ МЕҢЛІБАЕВА, СУРЕТШІ:

 - Бұл жерге әр кезеңдегі жұмыстарым қойылды. Мысалы, фотосурет. Сондай-ақ мен жаңа медиа, графикалық дизайн арқылы көркемсурет түріне оралдым. Мейнстрим әдісін пайдаланып жасаған туындыларым да осы жерде. Меніңше, қазақстандық суретшілер үшін бүгінде халықаралық мәдени шараларға қатысуға жол ашық. Біздің жұмыстарымыз әлем музейлерінен орын алуға лайықты деп ойлаймын. Өйткені ол үшін бөлісер тәжірибеміз де, бай өнеріміз де бар.

Алмагүл өз туындыларында модерн мен медиа-өнер элементтері бар графикалық дизайнды қолданады. Оның еңбектерінен көшпенділер мен шығыс халықтарының мәдениеті байқалады. Жаңа технологияларды пайдалана отырып аңыздар мен бүгінгі өмірді, пейзаж бен адамды, сәулет пен жануарлар әлемін үйлестіру қазақстандық өнерді жаңаша әрі бірегей өнер ағымдарында танытуға мүмкіндік береді, дейді суретші.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер