«Астана Опера» театрында француз импрессионизм музыкасының кеші өтті - Kazakh TV

Француз әуенінің әсері. «Астана Опера» театрының Камералық залында импрессионизм музыкасының кеші өтті. Концерт қонақтары француз композиторларының таңдамалы туындыларын қазақстандық «Форте-трио» ұжымының орындауында тыңдай алды. Майталман үштік жергілікті қауым назарына тұңғыш рет Морис Равельдің скрипка, фортепиано және виолончельге арналған әлемге әйгілі туындысы мен импрессионизмнің негізін қалаушы Клод Дебюссидің шығармаларын  нақышына салып орындап берді. 

ЕРКЕБҰЛАН САПАРБАЕВ, СКРИПКАШЫ, «ФОРТЕ ТРИО»:

 - Бұл жанр саз әлемінің талғамы жоғары деген көптеген музыка жауһарын дүниеге әкелді. Сондықтан біз үшін бұл бағытта жұмыс жасау шеберлігімізді шыңдаумен қатар, үлкен ләззат сыйлады. Дайындықтарға бір демммен кірісіп, сол қарқыннан таймай, көпшіліккке осы әуендердің құдіретін ұғындырғымыз келеді.    

Қазақстанда құрылған «Форте-трио» камералық аспапты ансамблі –елімізбен қатар шет мемлекеттерге танылып жүрген шығармашылық топ. Ұжымның репертуарлық қоры әлемдік музыка жауһарларымен ұдайы толығып тұрады. Таңдау бірінші кезекте шеберліктің шыдауға лайықты деген күрделі шығармаларға түседі екен.  

ТИМУР ОРМАНШИЕВ, «ФОРТЕ-ТРИО» АНСАМБЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІ: 

 - Біздің ұжымымыздың құрылғанына көп уақыт өткен жоқ. Аз уақыттың ішінде мемлекеттік ансамбль деген статусқа ие болдық. Көптеген сырт мемлекеттерде өнерімізбен танылдық. Атап айтсам, Италия, Франция сынды Еуропа елдеріннің біразында болдық. Әлемнің үздік деген сахналарында өнер көрсетіп жүрміз. Алда Корея, Португалия мен Америка Құрама Штатттарын аралап қайтуды жоспарлап қойдық. Мақсат – әлемге қазақстандық өнерді таныту.    

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер