Астанада «Бояулар әлемі» балалар көрмесі өтті - Kazakh TV

«Бояулар әлемі» балалар көзімен. Елордада балғындардың арман-қиялы мен шығармашылығы ұштасқан көрме ашылды. Мұнда кішкентай суртешілер мен қолөнершілердің туындыларын, қағаз, ағаш, киіз сынды табиғи материалдардан жасаған бұйымдарын көруге болады. Көрмеге барлығы жас шеберлердің 160-қа жуық еңбегі қойылған. Бұл әсем туындылар «Рухани әлем», «Әлем балалар көзімен» және «Ұлы дала қаласы» деген 3 тақырыптық бөлімге топтастырылған. Өскелең ұрпақты елжандылық пен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелейтін игі шара Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналып отыр.

РУСЛАН ЖҮНІСОВ, «АҒАШ ҚАШАУ» ҮЙІРМЕСІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

 - Балалар үшін өз еңбектерін Қазақстан Республикасының бас мұражайына қою үлкен жетістік. Балғындар жасап жатқан істерінің маңыздылығын, қоғамға қажет екенін түсінуі керек. Сондықтан да жас шеберлердің шығармашылық дарынын шыңдау үшін осындай көрмелер қажет-ақ. Бәсекелестік болған жағдайда олардың өз істеріне деген қызығушылығы артады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер