«Астана балет» театры Оскар Уайльдтың би трагедиясына қызу дайындық үстінде. Махаббат пен еліктіру – сезім мен қалау Саломея туралы інжіл аңызында көркем суреттеледі. Ирландиялық драматургтың пьесасы негізінде сахналанатын қойылым жас ханшайымның өмірі жайлы баяндайды. Театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахридің айтуынша, бұл туынды мәнерлі және ырғақты пластикамен ерекшеленіп, көпті жарқын әсерге бөлеп, таңқалдырады. Балетте жауынгерлік ептілік пен әйел затына тән нәзіктік қатар өрбиді. Хореограф айтып өткендей, көркемдік туындыда артистерге шығармашылық еркіндік берілген. Сонымен қатар, кештің бірінші бөлімінде Рикардо Амарантенің «Гайя» бір актілі балетін көрсету жоспарланып отыр. Сахнада би тілімен табиғаттың бес құбылысының күресі мен бірлігі бейнеленеді.

ФАРХАД БУРИЕВ, ТЕАТРДЫҢ ЖЕТЕКШІ СОЛИСІ:

 - Әрбір артист өзінің сезімі мен көңіл-күйін өзінше жеткізеді. Әрине, еркін хореография модернге, постмодернге байланып қалмайды. Кейде артистерге шығармашылық еркіндік беруге болатын сәттер бар.

ВАЛЕРИЙ КҮЗЕМБАЕВ, «АСТАНА БАЛЕТ» ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - «Саломея» спектаклінен бөлек, тағы бірнеше толық форматты қойылымды сахналау жоспарда бар. Әзірге, барлығын ашып айта алмаймын. Белгілі америкалық хореограф Николо Контемен бірлесіп жұмыс істейміз. Астананың 20 жылдығына орай Қазақстан өңірлерін аралап, Ақтау, Қызылорда, Талдықорған мен Алматыда болып, шетелге де шығуды жоспарлап отырмыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер