ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы мен Ескішехирдегі Анадолы университетінің қолдауымен құрылған «Анадолы» симфониялық оркестрі Испанияның 5 қаласына алғаш рет гастрольдік сапармен барды. Шығармашылық ұжым Гранада төріндегі «Manuel de Falla Auditorium» концерттік залында екі мәрте кеш өткізді. Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркиялық музыканттардың орындауындағы әлемдік классиканың үздік шығармалары мен түркі халықтарының әндерін көрермен қауым жылы қабылдады. Қазақстаннан барған «Астана Опера» театрының солисті Назым Сағынтай мен дирижер Айдар Торыбаев бастаған ұжым Латиф Хамидидің «Бұлбұл» шығармасын орындады. Былтыр ғана құрылған ТҮРКСОЙ Анадолы симфониялық оркестрі осылайша әлем жұртшылығының ыстық ықыласына бөленді. 

ХУАН ХЕСУС ВИВАС, СЕУТА ҚАЛАСЫ МУНИЦИПАЛИТЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Біз өнерпаздарды әсем қаламыз Сеутада құшақ жая қарсы алдық. Ұжым жас болса да, кәсіби мамандардан жасақталыпты. Әрі бірнеше елдің сан алуан мәдениетінің өкілі болғандықтан, біздің қызығушылығымыз арта түсті. Осының өзі өнерде шекара жоқтығын тағы да дәлелдеп отыр. Біздің қаламызда түрлі ұлттар мен конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Бүгінгі  кеште көпұлтты оркестр мен Сеутадағы өнерсүйер қауым арасында өзара ұқсастықтар мен үйлесімділік барын байқадым. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер