Өзбекстандағы Шақшам қазақ ауылының тұрғыны үйінің ауласын ашық аспан астындағы мұражайға айналдырған

Өзбекстандағы Шақшам қазақ ауылының тұрғыны Дархан Хусанов үйінің ауласын ашық аспан астындағы мұражайға айналдырған. Экспонаттарды жарты ғасырдан астам уақыт жинапты. Мұнда қыш құмыралар, зергерлік бұйымдар мен көне ыдыс-аяқтар бар.

Қоладан құйылған ыдыстар, көне заттардың бетіне салынған бедерлер мен теңгедегі таңбалар сақ дәуірінен қалғанын аңғартады. Археологтар түрлі зерттеулер жүргізіп болжамды растап берген.

ДАНИЯР ХУСАНОВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

 - Бәйділла деген досымның үйін бульдозер сүріп жатқанда 10 ғасырға тән шырақ табылды. Оны қайдан білейін. Археолог шақырдық 1992 жылы соны зерттеп берді. Мынау құмыра адамның бас сүйегімен бірге шықты. Сақ дәуірінде адамдар өмірден озған шағында ыдысқа тамақ құйып о дүниеде тамақтанады, деп бірге көмген екен тағы басқа қару жарағымен бірге.

Қоғам қайраткері өз үйін де музейге айналдырыпты. Мыңға жуық жәдігердің басым бөлігі Шақшам ауылының маңынан табылған. Олар ғасырды жастанып жер астынан шықса да қалпын сақтапты. Мәселен, мына құбыр жүйесі үйдің жертөлесінен қазып алынған. «Бұл - бағзы заманда өмір сүрген халықтың тазалыққа жіті мән бергенін, яғни сол кездің өзінде өркенниеттің дамығанын көрсетеді», - деп топшылап отыр ауылдағылар.

МҰХАН ТАШМЕТОВ, ШАҚШАМ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 - Енді өзімше пайымдадым, мұның не нәрсе екенін. Біз үй салып, жертөле қазып жатқан жерлерімізде бұның бір кездері ата-бабаларымыздан қалған ба жоқ әлде кімдерден қалғанын оны анық біле алмаймын. Дегенмен цивилизация болған деген ойым бар. Қарасаңыз су жүйесінің тірліктеріне ұқсайды.

Данияр Хусанов ұлттық жәдігерлерді жинаумен тоғыз жасынан айналысады. Ол тоқсаныншы жылдары ауылда алғашқының бірі боп музей ашқан. Бертін келе оны жауып, өз үйін музейге айналдырады. Ұлттық қолөнер тұнған қараша үйге бүгінде келушілер көп. 

ДАНИЯР ХУСАНОВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

 - Қазақтың зергерлік әшекей бұйымдарын мен жас кезімде әжелеріміздің шашынан көрдім. Шашбау мен шолпының үлкен айырмашылығы бар. Шолпыны қыздар таққан. Шашбау тұрмысқа шыққанда жұп болып жүрсін деп таққан. Негізі қолында сақинасы, білезігі жоқ адамдардың қолындағы тағам харам деген.Күміс барлық микробтарды өлтіреді.

Данияр Хусановтың ендігі арманы – ауылға музей салу. Өйткені қолда бар құнды дүнелерді сақтайтын жер жоқ. Елу жыл бойы тірнектеп жиған бұйымдары жеке мұражай қорын толытырып қана қоймай, бауырлас елдерге ортақ тарих пен ұлттық құндылықты дәріп, туризмді дамытуға негіз болмақ.