Қазыбек бидің 350 жылдығына орай Қарағандыда «Қаз дауысты ... би» фильмінің көпшілікке таныстырылымы өтті. Дала данышпанының өр тұлғасын еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемалов сомдаған. Ал фильмнің сценарий авторлары әрі режиссерлері драматург Ғазиз Насыров пен режиссер, өнертанушы Ерлан Төлеутай. Олар бір ай ішінде 8 мың шақырымды жүріп өтіп, дана бидің табаны тиген Қарағанды, Павлодар, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түсірілім жұмыстарын жүргізген. Сценарий авторы ел аузындағы аңыздар мен Ресей және Қытай мұрағаттарында сақталған жазба деректерді пайланып көркем фильмді көрерменге нанымды жеткізіпті.

ЕРЛАН ТӨЛЕУТАЙ, ӨНЕРТАНУШЫ, ФИЛЬМНІҢ РЕЖИССЕРІ:

 - Деректі фильм деген ол кейіпкерсіз ғой негізі, тек құжаттар, басқалар дегендей. Ал мен мұнда сахналық қойылымдар қойдым, актерларды ойнатып. Сонда 30 актер қатысты. 60 адам жұмыс істеді бұл фильмде. Бір жарым айдай жұмыс істеп, туындыны шығардық. «Қазақфильмнің» мықты мамандары барлығы жұмылды. Қаншама үлкен актерлар қатысты.     

ҚАРІПБЕК КҮЮКОВ, СУРЕТШІ:

 - Мен кинотуындыдан үлкен әсер алдым. Шығармашылық топ фильмнің мазмұнын дөп жеткізе білген. Мен осындай тың туындыларды жасаған жерлестерімді мақтан тұтамын.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер