Астанада 5 ғасыр бұрын жарық көрген адам терісінен жасалған кітап көрмеге қойылды

Астанада осыдан 5 ғасырға жуық уақыт бұрын жарық көрген көне кітап көрмеге қойылды. Латын тілінде жазылған кітапты түптеу үшін адам терісі пайдаланылыпты. Мұндай әдіс, әсіресе, XVII ғасырда жиі қолданылған. «Таңғажайып кітаптар мен қолжазбалар» көрмесіне барлығы 15 кітап қойылды. Молла Самарқанидің Әбдірахман Жәмиден жазып алған шығармасы, ең кішкентай Құран кітабы, бала сауатын ашуға арналған ең алғашқы кітап сынды құнды жәдігерлерді көруге болады. Тіпті, алтын әріптермен жазылған жәдігер де бар. Мұражай қызметкерлері  50-ге жуық құнды кітап бар дейді. Алайда оларды оқитын маман қажет.

МӨЛДІР БАЙМАХАНБЕТОВА, ҰАК КІТАП МҰРАЖАЙЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - 1532 жылдан бастау алған қолжазбалар бар. Латын тілінде, шағатай, араб, парсы, көне қыпшақ, ортақ түрік тілдеріндегі қолжазбалар.  Ең ерекше атап өтетін Ғылмани Сәдуақас өлеңдері. Өйткені 2010 жылы Еуразия ұлттық университетінде ол кісінің 10 кітабы шыққан. Дүниеден өткенге дейін 42 кітап жазып кеткен. Алғашқы араб, парсы тілдеріндегі сөздік жазған кісі.