Елордада «Әуен әлемі» атты «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрінің концерті өтті

«Әуен әлемі». Елордада осындай атаумен «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрінің концерті өтті. Кеш бағдарламасына шетелдік және қазақ классиктерінің туындылары енді. Олардың қатарында Чайковскийдің «Қысқы ойлар» симфониясы, Жұбанов операсының «Абай» ариясы, Штраустың «Жарқанат» опереттасы сынды үздік туындылар бар. Концерт дирижері – Мемлекеттік жастар премиясының лауреаты Асқар Дүйсенбаев. Сондай-ақ өнерсүйер қауым бірнеше байқаулардың лауреаттары Роза Солтыханова, Азамат Жылтыркөзов, Азамат Мәлік, Руслан Мұстафин сынды дарынды орындаушылардың өнерін тамашалады.

АСҚАР ДҮЙСЕНБАЕВ, ОРКЕСТР ДИРИЖЕРІ:

 - Қазіргі уақытта біздің оркестріміз түрленуде. Кеңейіп, камералық құрамнан ақырындап симфониялық оркестрге айналып келеді деп те айта аламын. Біздің ұжым өте дарынды жастармен толығуына байланысты бағдарламамыз да ауқымды әрі тыңдарман үшін қызықты бола түсті.

«Солистер академиясы» оркестрінің шығармашылығында ұлттық музыканың алар орны ерекше.

РОЗА СОЛТЫХАНОВА, ФЛЕЙТАШЫ:

 - Мен даниялық композитор Карл Нильсеннің туындысын орындаймын. Оны Қазақстанда аса сирек естуге болады. Әрине, «Солистер Академиясы» сынды ұжыммен бірге өнер көрсету үлкен жауапкершілікті талап етеді.

«Солистер академиясы» мұндай тағы 20-ға жуық концерт ұйымдастыруды жоспарлап отыр. «Әуен әлемі» - ұжым ұйымдастырған биылғы алғашқы концерттік кеш.