Астанада белгілі драматург, жазушы Баққожа Мұқайдың 70 жылдығына орай еске алу кеші өтті. Ұлттық академиялық кітапханада зиялы қауым өкілдері белгілі тұлғаның өмір жолы мен шығармашылығын талқылады. Баққожа Мұқай «Жаңбыр жауып тұр», «Өмір арнасы», «Аққу сазы», «Мазасыз маусым» тағы да басқа кітаптарының авторы. Жазушы 2000 жылы «Өмірзая» романы үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған еді. Саналы ғұмырының соңғы күніне дейін «Парасат» журналының бас редакторы қызметін атқарды. Баққожа Мұқай журналистика мен баспа ісінің дамуына үлкен үлес қосты.

ЕРЛАН МҰҚАЙ, ЖАЗУШЫНЫҢ ҰЛЫ:

 - Ол қазіргі заманғы Қазақстандағы ең ірі драматургтың бірі еді. Оның шығармалары Мәскеудегі театр және әдебиет журналдарында, түрлі басылымдар мен жинақтарға басылып шыққан еді. Әлемнің бірнеше тіліне де аударылды. 80 және 90-шы жылдары оның шығармалары ТМД елдерінің театрларында, Ресей мен Орталық Азия елдерінің театрларының репертуарларынан түскен жоқ. Оның есімі қазақтың біртуар тұлғалары М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсіреповтермен иық тіресіп, қатар тұрды.

ӘКІМ ТАРАЗИ, ЖАЗУШЫ:

 - Болашақта Қазақ оқырмандары оны еш уақытта ұмытпайды деп ойлаймын. Себебі, жазған шығармалары өзі туралы емес, халық туралы. Өзін дәріптемейді, халықты дәріптейді. Бізге дейін әдебиетке келген 50-60 жас жігіттер мен қыздар болды. Кейін 10-шақтысы іріктеліп, одан 5-6 ғана қалды. Сол 5-6-ның бірі біздің бүгінгі атын атап, түсін түстеп, құрметтеп келіп отырған Мұқай. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер