Қарағанды тарихына арналған суретшілер көрмесі өтті

Қарағандының көне келбеті, тарихи кезеңдері бейнелеу өнерінде. Қарағандыда қала тарихынан сыр шертетін ең үздік 80 туынды көрмеге қойылды. Ескі ғимараттар, саябақтар мен өндіріс орындары, аллеялардың өткен жылдардағы келбетін суретшілер көркем бейнелеген. Ал көрменің бір бұрышы Қарағанды құрылысына қатысқан ардагерлердің, кеншілер мен металлургтердің, өңірден шыққан өнер қайраткерлерінің портреттерімен толығыпты.  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан шара қала қонақтары мен жергілікті тұрғындарды ерекше әсерге бөледі. Айта кетейік, «Қарағанды шеберлер көзімен» көрмесіне қойылған туындылардың басым бөлігі жергілікті музей қорына тиесілі.

НАЗЕРКЕ ЖАРТЫН, МҰРАЖАЙДЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Көрме біздің Қарағанды облысының бейнелеу өнері музейінің қорынан алынып отыр. Бұл жерде негізінен Қарағанды қаласының 30-шы, 40-шы, 50-ші жылдардағы қайталанбас көріністерін көре аласыздар. Сондай-ақ сол кездегі өмір сүрген суретшілердің бірегей туындыларын көруге болады.