«Астана Опера» театрында «Спартак» балеті сахналанды

Арқа төрінде аты аңызға айналған «Спартак» балеті сахналанды. Атағы әлемге мәшһүр классик Арам Хачатурянның музыкасына қойылған хореографиялық туындының бас партиясын «Астана Опера» театрының солисі Серік Нақыспеков орындады. Халықаралық байқаулардың лауреаты көпшілікке танымал батыр тұлғалы гладиатордың бейнесін сомдау оңайға соқпағанын айтады.  Оның үстіне бас кейіпкер үш акт бойы сахнадан түспей бір деммен ойнап шығуы керек болатын. Серік Нақысбековке сеніп тапсырылған рөлді алып шығу үшін Ресейдің құрметті артисі Константин Заклинский тәжірибесімен бөлісіп, дайындалуға көмектесіпті.   

СЕРІК НАҚЫСПЕКОВ,  «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ СОЛИСІ:

 - Бас кейіпкердің рөлін сомдауды маған сеніп тапсырғандары үшін алғысым шексіз. Бұндай бақыттың бұйыруы асқан жауапкершілікті талап етеді. Спектакль бойы бар іс-қимылды бимен жеткізу физикалық тұрғыдан өте ауыр тиді. Өйткені бұл менің шығармашылық жолымдағы алғашқы бас партиям. Кеіпкерімді тану үшін «Спартак» жайлы жазылған көптеген шығармалармен танысып, бейнебаяндарды мұқият қарап шықтым. 

МӘДИНА БАСБАЕВА, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ СОЛИСІ:

 - Бұл біздің бас партияда алғаш рет жұптасуымыз. Әріптесім Спартактың бейнесін сомдаса, мен оның сүйіктісі Фригияны ойнаймын. Оның шеберлігіне аса жоғары баға беремін. Бұған дейін де бірқатар спектакльді бірге қойған болатынбыз. Бірақ ол кездері ол екінші пландағы кеіпкерлердің кейпінде жүрді. Париж құдай анасы Соборында Фролоны ойнады. Бастамасына сәттілік тілеп, режисердің сеніп тапсырған үмітін абыроймен алып шығатынына сенімдімін.

Еске сала кетейік, «Спартак» балеті «Астана Опера» театрының репертуарлық қорына осыдан 4 жыл бұрын енген. Сол уақыттан бері әсерлі би мен әсем музыка үйлесім тапқан қойылым көрермен ықыласына бөленіп келеді.