Франция музыканттары қазақстандық композиторлардың туындыларын орындайды. «Париж-Астана»  Дебюссиден Жұбановаға дейін» концертін 26 қаңтарда «Астана Опера» көрермендері тамашалай алады. Театр сахнасында Қазақстан мен Франция музыканттары бірге өнер көрсетпек. Отандық өнерпаздар француз авторларының туындыларын орындайды. Өнерсүйер қауым XVIII-XX ғасырларда өмір сүрген әйгілі композиторлардың шығармаларынан сусындамақ. Франция музыканттары болса, қазақ композиторларының туындыларын өз репертуарларына қосатындықтарын айтып отыр.

МАРЖАН ЖӘКЕНОВА, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫ КАМЕРАЛЫҚ ЗАЛЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Францияның музыканттары Ғазиза Жұбанованың туындыларын өте сүйсініп орындайды. Ноталарды Францияға апарып,біздің ұлы композиторымыздың шығармаларымен таныстырады. Біздің музыкамызды әлем білу үшін.

ФИЛИПП МАРТИНЭ, ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 - Астанадағы концерттен соң, Ғазиза Жұбанованың туған қаласы – Ақтөбеде де концерт өтеді. Бұл кеш Францияның Азияға қаншалықты қызығушылық танытып, тәнті болатындығын көрсетуге зор мүмкіндік. Клод ДебюссИ де шығыстан шабыт алған. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер