Танымал латвиялық режиссер Йонас Вайткус Қазақстанда Горький қойылымын сахналады. Максим Горький атындағы академиялық орыс драма театрының қабырғасында жазушының «Соңғы» деп аталатын шығармасы қойылды. Өшпес класикалық туындыны өнер сүйер қауым алдына алып шығу үшін латвиялық маман театрдың шығармашылық ұжымымен бір апта тынымсыз дайындалған.  Бұған дейін Йонас Вайткус елордалықтар мен  қала қонақтарына «Язычники» қойылымымен танылыпты.  Жаңа спектакльдің тұсаукесері Астана қаласының 20 жылдығы мен ұлы орыс жазушысының 150 жылдығына орай алдағы сәуір айында өтеді деп жоспарланып отыр.

ЙОНАС ВАЙТКУС, РЕЖИССЕР /ЛИТВА/:

–Бұл нағыз  классикалық туынды. Отбасылық құндылықтар мәселесін көтереді. Шығарма 1908 жылы жазылған. Сол кезеңдегі жанұялық мәселелер баян етілгенімен бүгінгі күнмен де байланысты,  маңыздылығын әлі жоя қоймаған. Болашақта да қойылымның өзегі өшпейтініне сенемін. Мен елордалық сахнада осымен екінші қойылымымды қойғалы тұрмын. Жергілікті сахна саңлақтарымен жұмыс істеу қатты ұнады. Сондықтан әріптестігіміз алдада жалғасын табатын болады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер