Алматыда Президенттің АҚШ-қа жасаған ресми сапарларына арналған көрме ашылды - Kazakh TV

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған ресми сапарларының құжаттары мен арнайы фотосуреттері көпшілік назарына ұсынылды. Алматыдағы Президент архивінде ұйымдастырылған шара «Қазақстан және АҚШ: жасампаздық жолындағы ынтымақтастық» деп аталды. Онда екі ел арасындағы байланыстың тарихы мен бүгінгі күнге дейінгі аралықты қамтитын құнды деректер мен құжаттар, Елбасының АҚШ-қа алғашқа сапары, тұңғыш рет екі ел арасында жасалған дипломатиялық келісімшарттардың көшірмесі, АҚШ-тың әр жылдардағы президенттерімен кездесу кезіндегі суреттері қойылды. Екі бөлімнің біріншісінде АҚШ-тың экс-президенті Джордж Буштың Қазақстанды тәуелсіз ел деп таныған ресми құжаты мен екі жақты келіссөздерде түсірілген фотолар қойылған. Ал екінші бөлімде Қазақстанның халықаралық аренадаға беделін айғақтайтын, әлемдік саясаттағы орнын көрсететін дәйектер жинақталған.

БОРИС ЖАПАРОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ МҰРАҒАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
 - 1991 жылы 25 жетоқсан күні АҚШ президенті Джорж Буштың Қазақстанның тәуелсіздігін АҚШ-тың танитындығын мойындағаны туралы хаттың көшірмесі қойылып отыр. Ол хаттың түпнұсқасы президент архивінде мемлекеттік сақтауда. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер