Ақтауда ерекше жобаның құрылысы қолға алынды. Каспийдің жағасындағы жартастар енді туристік нысанға айналады. Мұндағы үңгірлер абаттандырылып, жартасты жағалай 2 шақырым жерге сүрлеу жол салынып, жасанды сарқырама іске қосылады. Аспан астындағы табиғи мұражай еліміздің туристік әлеуетін арттыра түспек.

МАРАТ СИННИКОВ, ЖОБА АВТОРЫ:

 - Мұнда техниканы алып келу қиын болғандықтан, барлық құрылыс жұмысы қолмен жасалады. Ағаш полимерлі композит материалын қолданамыз. Бұл осы өңірдің табиғатына, ауа-райына төзімді материал. 20 жылға дейін жарамды. Сүрлеу жолды салу кезінде жартастың табиғилығы сақталады.

Иә, теңізге төнген жартастар адам күшін көп қажет етеді. Мақсат – жағалауды табиғи мұражайға айналдыру. Мұндағы ең үлкен үңгірдің ұзындығы 70 ені 60 метр. Тау қуысына қазақ жазулары мен Маңғыстау тастарындағы таңбалар, аймақтың тарихы туралы ақпараттар жазылады. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі ескеріліп әр 30 метр сайын бейнебақылау орнатылады. Халық күндіз-түні демалу үшін барлық жартастар жарықтандырылады. Ал алыстан көрінетін түрлі-түсті шамдар қала ажарын аша түспек. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы облысқа 38 386 турист келген екен. Ал аталмыш жоба іске асса өңірге ағылған  туристер қатары көбейе түспек. 1 миллиард теңгеге бағаланған жоба инвесторлардың қаржысына жүзеге асырылады. Қала басшылары бірегей жобаны Үкімет мақұлдаса, құрылысты алдағы көктемде бастап, келер жылы іске қосуды жоспарлап отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер