Астанадағы Ұлттық музейде жаңа екі зал ашылды

Астанадағы Ұлттық музейде жаңа екі зал ашылды

Махамбеттің домбырасы, Бөгенбайдың құтысы және Кенесарының қылышы. Осындай өте құнды   жәдігердерді  Астанадағы Ұлттық музейде жаңа ашылған қос залда тамашалауға болады. Солардың бірі Қазақстанның киелі жерлері белгіленген «Рухани жаңғыру» залы. Музейге келушілер интерактивті технология көмегімен еліміздегі тарихи, киелі жерлермен танысып, әр облыстан жиылған құнды жәдігерлерді көре алады. Ал екінші «Сақтар қазынасы» деп аталатын залда сақ мәдениетімен кеңінен танысуға мүмкіндік бар. Ежелгі дәуірдегі Қазақстан аумағынан табылған зергерлік бұйымдардың бұрын тек көшірмелері көрсетілсе, осы жолы түпнұсқалары көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеде б.з.д. 6-2 ғасырларға тән 250 ге жуық зергерлік бұйымдар мен киім элементтерінің көшңрмесі  қойылған. Олардың көпшілігі Есік қорғанында жүргізілген қазба жұмыстарынан табылған.

ӘЛІШЕР БЕСПАЛИНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Елімізде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарынан табылған заттарды біз осында қоямыз. Экспозияция әрдайым  жаңа дүниелермен толықтырылып отырады.