Ұлттық мұражайда «Уақыт пен Астана: Болашақтан кейін» атты заманауи өнер көрмесі ашылды - Kazakh TV

«Уақыт пен Астана: Болашақтан кейін». Осындай атаумен Ұлттық мұражай қабырғасында заманауи өнер көрмесі ашылды. Бұның бәрі суретшілер, архитекторлар, режиссерлер, дизайнерлер, ғалымдар, антропологтар, филососовтар мен әлеуметтік ғылымдар мамандарының бірлескен жұмысының нәтижесі. «Art Сollider» жобасының аясында өткен шара өнер мен ғылымның үндестігін табуға арналған. Көрмеге осынау сабақтастықты айқындайтын 25 жоба авторының тырнақалды еңбегі қойылған.

РОЗА ӘБЕНОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ЗАМАНАУИ ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

– Жұмыстар түрлі техникаларда орындалған.Дей тұра әрбірі өзгелерін толықтырып, көрменің жалпы мазмұнына сай келеді. Мұндағы еңбектердің дені жас авторлармен жасалған. Сондықтан олар өздеріне жақсы таныс  заманауи өнерді түрлендіруге тырысып баққан. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның көздегені қала мен ондағы уақытты көркемдеп зерттеу. Көрме қонақтарына шаһар тұрғындарының үйреншікті өмірін өзге қырынан тануға мүмкіндік береді.

ӘЙГЕРІМ ҚАПАР, КӨРМЕ КУРАТОРЫ:

 - Мен Әйгерім Оспанованың «Гранд Палас» атты жұмысын ерекше атап өткім келеді. Бұл Астанаға көшіп келген жанұяның төсеніші. Отбасы  ұзақ жылдар жатахана, жалдамалы пәтерлерге бірге алып жүрген. Ұзақ жылдар бойы қызмет еткен төсеніш бір әулеттің ғана емес жалпы қала тіршілігінің куәгері болды

Айта кетейік, Ұлттық мұражайдан орын тепкен  заманауи өнер көрмесі осы айдың 21-не дейін жалғасады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер