Түркі халықтарының тамырын тереңге жайған тарихы - қылқалам туындыларының басты тақырыбы. Қарағандылық суретші Ерлан Гаймолдин тарихи тақырыпта салынған картиналарын жұртшылық назарына ұсынды. Көрмеге қойылған туындылар қазақ халқының дастаны мен сақ және түрік мифологиясында сөйлейді. Бейнелеу өнеріндегі модернизм стилін туындыларына арқау еткен ол өз картиналарын жұмбақ суреттерге жатқызады. Бір қызығы Ерлан Гаймолдин киелі жерлерге сапар шегіп келген соң сурет салуға үлкен шабытпен отырады екен.

ЕРЛАН ГАЙМОЛДИН, CУРЕТШІ:

 - Мәшһүр Жүсіптің бейітіне барып келгеннен кейін менің стилім де, бояуларым да өзгерді. Түркі халықтарының тарихы мені әрқашан да қызықтырады. Сондықтан мен салған суреттердің көбі осы тақырыпқа арналған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер