Болат Аюхановтың хореографиялық театры Ыстамбұл сахнасында өнер көрсетті

Халық әртісі Болат Аюханов басқаратын Мемлекеттік академиялық би театры Ыстамбұл сахнасында өнер көрсетті. Шетелдік көрерменнің назарына отандық хореографтың қоюымен Петр Чайковскийдің «Лебединое озеро», Морис Равельдің «Болеросы», Жорж Бизе мен Родион Щедриннің «Кармен-сюита» балеті мен композитор Александар Бородиннің «Половец биі» және өзге де әлемдік классиканың үздік шығармалары ұсынылды. Түркиялық көрермендер қазақстандық хореографтардың шеберлігіне ерекше тәнті болды. Шығармашылық топ осы уақытқа дейін дүниежүзін аралап, Лондон, Париж, Швейцарияның бірқатар қалаларында өнер көрсеткен

БЮЛЕНТ УЗУН, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ФОЛЬКЛОР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТҮРКИЯДАҒЫ ӨКІЛІ:

 - Қазақстанның Мемлекеттік академиялық би театрының өнерін тамашалап, кештен рухани ләззат алдық. Өйткені бүгінгі концертте балет өнерінің әлемге әйгілі классикалық қойылымдары орындалды. Қазақстандық бишілердің өнеріне тәнтімін шеттерінен дарынды өнерпаздар екен. Демек, сіздерде балет мектебі мықты. Бәлкім, алда тәжірибе алмасатын боламыз.