ҚР Мемлекеттік орталық музейінде «Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі өтті

Астананың қаласының 1000 жылдық тарихы бар. Отандық тарихшы-ғалымдар «елорда тарихын 1830 жылы Ресей империясы құрған Ақмола бекінісінен бастау қателік, оның ауқымы кеңейіп, орта ғасырлардағы түркі дәуіріне дейін жетеді»,- деген пайым жасап отыр. Бұл тақырып Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі аясында өткен дәрісте талқыланған болатын. Көрмеге келушілер мен студенттер елорданың тарихи мәнін ашатын тың деректер мен маңызды мәліметтерге қанықты. Олар Ақмола өңірінен шыққан танымал тұлғалар - Қажымұқан Мұңайтпасов, Жұмабек Тәшенов, Рақымжан Қошқарбаевтың өмір жолына шолу жасады. Сарыарқа жерінде болған тарихи қалалар жөнінде деректер шетелдік зерттеушілер еңбектерінде де кездеседі.  Елорда маңында орналасып, 1998 жылы белгілі болған орта ғасырлардағы Бозоқ қаласы, Ақмоланың түпкі атасы болғаны дәлел. Ал бүгінде көне қаланың орынында еліміздің Астанасы бой көтерді.

ЗИЯБЕК ҚАБЫЛДИНОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

 - Бозуқ деген қыпшақтың қаласы бекінісі 1000 жыл бұрын осында болған. Мәдени әкімшлік, діни экономикалық орталық болған осы сарыарқаның. 1816 жылы осы Ақмола маңайында Ресейдің мықты геодезисті, зерттеушісі Иван Шанкин деген азамат болған. Сол ескі қалалардың жетеуін тауып алып, картаға сызып кеткен.

Елорда тарихын тереңнен зерделеуге кіріскен тарихшылар Ұлттық академиялық кітапханада «Астана» оқу залын ашты. Залда Астана тарихы жайлы мыңнан аса еңбек бар. Оның жүзі «Тарих таңдаған Астана» атты көрмеде көпшілік назарына қойылды. Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – осы уақытқа дейін елорданың дамуы мен тарихи кезеңдерін топтастырып, басылымдарды бір жүйеге келтіріп, оқырман назарына ұсыну болатын. Оқырман залы бас қала тарихына қатысты мәліметтермен  әлі де толығатын болады.

АЛДАН СМАЙЫЛ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ, ЖАЗУШЫ:

 - Егер біз тәуелсіздікті тұғырлы еттік, Қазақстанды осыншама гүлдендірдік, Экономикамызды дамыттық, рухани өркендедік әлемге танылдық дейтін болсақ, соның барлығының негізі Астананың ауысуы. Егерн Астана ауыспай Алматыда жата берген кезде, Біз көп дүниені дер кезінде шеше алмайтын едік. Және мен өз басым және бүкіл халық  осы шешімді тарихи шешім деп есептейміз және оны бағалауымыз керек.