Орталық Азия тамыры терең шығыс мәдениетімен, әр алуан өрнектері, қайталанбас қолөнер туындыларымен әлемге танымал. Солардың бірі Өзбекстанның көне шаһары - Маргилан қаласының жібек маталары. Маргилан Ұлы жібек жолы бойындағы  ең маңызды қалалардың бірі болды, ал осында тоқылған маталар бүкіл жер жүзінде сұранысқа ие. Жібек бұйымдарды жасауда машина  қолданылмайды. Барлығы қол еңбегі. Бұл дәстүр ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді. Тұт ағаштарындағы жібек құрттарының пілләлары қолмен қопсыталады. Бұдан кейін жіптерді бояп, маталар тоқыма білдектерде тоқылады.

МОХИНУР СИДДИКОВА ЭКСКУРСИЯ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Маргиланда қолданылатын әдіске 2 мың жылдан астам  уақыт болды. Бұл жібекті қолмен иіретін бірден-бір орын.

Туристер түрлі түсті, көркем жібек бұйымдарымен әйгілі жергілікті шеберханаларға экскурсия жасап, көркем маталар әлеміне саяхаттауына әбден болады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер