Қазақстан мен Беларусь елдері өзара мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуда. ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасына беларусьтың тұңғыш баспагері Франциск Скоринаның факсимальді басылым жинағы сыйға тартылды. Айта кетейік, 2017 жылы Беларусь елі мен бүкіл әлемдік қауымдастық беларусь және шығыс славян баспасының 500 жылдық мерейтойын атап өткен болатын. Мереке әлемдік мәдениет үшін айрықша маңызға ие болып, ЮНЕСКО-ның естелік күнделігіне енді. 

ПЕТР ЛАПО, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ КІТАПХАНАСЫНЫҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ:

 - Скоринаның кітап мұрасы – беларусь халқының құнды жәдігері. Оған қарап ұлттың тарихын, мәдениетін, ұстанымын аңғаруға болады. Биыл Беларусь баспасына 500 жыл толды, осы орайда, елде ауқымды іс-шаралар өтті, сондай-ақ, Беларусь ұлттық кітапханасы Скоринаның мұрасын жинады.  

Бүгінде әлемде тұңғыш беларусь баспагерінің 520-дай жинағы бар. Олар Ұлыбритания, Германия, Польша, Ресей, АҚШ және Украина кітапханаларында, музейлері мен архивтерінде сақталған. Бірегей жұмыстың 21 томы – түпнұсқаның дәл көшірмесі. Франциск Скоринаның мұрасы Франция Ұлттық кітапханасы өткізген халықаралық ғылыми жоба аясында қайта жарияланған болатын. Қазақстан мен Беларусь алдағы жылдары мәдени байланысты нығайтып, тың әрі жаңа жобаларды бірлесе жүзеге асыруға ниеттеніп отыр.

АНАТОЛИЙ НИЧКАСОВ, БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:

 - Лиссабоннан Мәскеу, Минск, Астанад арқылы Владивостовқа дейін» атты 28 елдің суретшілерінің көрмесі жалғасын табады. Келер жылы Лиссабонда ашылып, ауқымы кеңейеді. Көрмеге қазақстандық және беларусь суретшілерінің туындылары қойылады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер