Павлодар симфониялық оркестрі алғаш рет Италияда өнер көрсетті

Павлодар симфониялық оркестрі алғаш рет Италияда өнер көрсетті. Классикалық музыка концерті Казамари аббатығындағы көне монастрьде дәстүрге сай өтті. Қазақстаннан барған музыканттардың өнерін тамашалауға халық көп жиналды. 

СЕРГЕЙ ГОНТАРЕНКО, МУЗЫКАНТ:

 - Бұл жерде концерт залындағыдай емес, бәрі басқаша. Концерт залындағы көрермендер – жай көрермендер, ал мына жерде бәрі ертегідегідей - ғажайыпқа толы.

АЙМАН ТЕН, МУЗЫКАНТ:

 - Бұл жерде руханият бар, берекені, бейбітшілік пен мейірімді, махаббатты сезінесің. Шіркеу - адамдарды жақындастырады. Барлығына басқаша көзқараспен қарайсың. Шіркеуде екеніңді сезініп, музыканы сахнадағыдай емес, Ұлы Жаратушыға арнап ойнайсың.

Павлодар симфониялық оркестрі Италияға дирижер, белгілі музыкант, импресарио Леонардо Куадринидің шақыртуымен келген еді. Ол өткен жылдың күзінде Иса Байзақов филармониясының маусымашарына қатысқан болатын. Енді олар бірлесе отырып 20 күндік бағдарламада 20 концерт береді.

ЛЕОНАРДО КУАДРИНИ, ДИРИЖЕР:

 - Біздің сапарымыз Италиядағы ең үлкен мейрам - Рождествомен тұспа-тұс келді. Сондықтан біз бұны мерекелік концертке балаймыз. Әр күн сайын бізде жаңа концерт, жаңа музыкалық бағдарлама болады. Бүгін біз КазамАриде болсақ, ертең ВАстода өнер көрсетеміз. Кеше Неапольде, Миланда, АгрОполи мен ФОджда және АОстада концерт бердік. Біздің гастроль шын мәнінде ұлттық әрі мазмұнды сапар болғалы тұр.

Павлодар симфониялық оркестрі органның сүйемелдеуімен алғаш рет өнер көрсетті. Италиялық хор мен жеке орындаушы әншілер де  концертке белсене қатысты. Өнерпаздар Шарль Камиль Сен-Санстың «Рождестволық ораториясын», өзге де  әйгілі рождестволық арияларды шырқап, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

САУАЛНАМА:

1.ӘЙЕЛ Өте әсерлі концерт болды! Музыканттар жарады! Рождество құрметіне керемет әнұран айтты!

2. ЕР АДАМ Әуендер жүрекке жетіп жатыр. Өте керемет! Олар біздің бауырластық сезімімізді оятты десем де болады. Менің ойымша, осы қасиет әлемдегі барлық адамдарға керек-ақ.