Қазақ күйлері, халық және  заманауи композиторлардың озық туындылары Қытайда орындалды. «Үкілі домбыра» деп аталатын күй жарысына қос ішекті аспапты шерте алатын кез келген студентке қатысуға мүмкіндік берілді. Қатысушыға қойылған басты талап: күйді шертпес бұрын оның тарихын баяндап беруі керек. Бейжің жастар бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен сайыс қазақтың ұлттық музыка өнерін аспан асты еліне паш етті. Қазақ күйлерін тек қытайлықтар ғана емес Бейжіңде оқып жүрген түрлі ұлт өкілдері ұйып тыңдады.  

АЙБЕК КӨРКЕМҰЛЫ, БЕЙЖІҢ ПОЧТА ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

 - Күмбірлеген домбыраның қоңыр күйіменен 2018-дің қақпасын ашып, тіпті де бір тамаша өзімізге тиесілі бір жылды қарсы алу үшін осындай шара орналастырдық. Күй шерте алатын күйшілерге осындай сахна жаратып беріп, соларды сахнаға баулу, тіпті де жоғары деңгейге көтеру үшін осындай шағын қимылмен қамдап отырмыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер