Еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуіне байланысты арнайы кітап көрмесі ашылды. Енді кез келген оқырман ұйымның негізгі қызметімен баспасөз беттерінде, кітаптарда жарық көрген материалдармен, ғалымдардың құнды еңбектерімен кеңінен таныса алады. Көрме сөресінде еліміздің әлем жұртшылығына бейбіт өмірді насихаттайтын игі бастамалары мен маңызды мағлұматтары да бар. Ұлттық академиялық кітапханада өтіп жатқан іс-шара әлі бір айға созылады.

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ, ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ, ПРОФЕССОР:

 - Бұл әрине қазақстанның үлкен мәртебесі, Қазақстан халқының мәртебесі. Cонау 190 елдің ішінен шығып осылай тұрақты емес мүше болып, 1 жыл бойы қызмет атқаруымыз үлкен жұмыс. Қауіпсіздік кеңесіне мүше болып отырған кезде біз дауыс береміз. Біз бір мәселенің бір жағына шығамыз. Мынау аламағайып заманда неше түрлі қақтығыстар болып жатыр. Біз бейбіт елміз. Қай жерде бейбітшілік қажет болса сол бейбіт сөзді айтамыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер