«Астана Операның» шығармашылық тобы гастрольдік сапарда. Венгрия композиторы Золтан Қодайдың Печ қаласындағы әйгілі залында симфониялық оркестр мен театрдың хоры, сонымен қатар, опера және балеттің үздік солистері кеш өткізді. Содан кейін, қазақстандық артистер Будапештегі Франц Лист атындағы музыкалық академияда да өз өнерлерін паш етіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Тілес Қажығалиевтің «Дала аңызы», Мұқан Төлебаевтың айтыс сахнасы, Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқиссасы», Абайдың ариясы мен «Қарлығаш» биі шетелдік көрермендердің таңданысын арттыра түсті.

МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ СОЛИСТІ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН АРТИСІ:

 - Елбасының көреген саясаты, ол кісінің парасатталығы, біздің Қазақ Елінде қандай көшбасшы  бар екенің көрсетті.  Оған "Рухани Жаңғыру"  дәлел бола алады.  Бұл бастама біздің мәдениетімізді  әлемге  таныстырды. Енді бізге танғалып, еуропалықтар орын- орыннан тұрып, бізге қол шапалақтап жатыр! Бұл демек қазақтың өнерінің биік дәрежеде екендігінің, биік денгейде екенін көрсетеді.

ЗОЛТАН ВАРГА, ВЕНГРИЯ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Екі ел арасындағы бұл байланыстың біз үшін орны бөлек. Бүгінгі  өнер иелерінің дарындылығына басымызды иеміз. Біз тек әлемдік классиканың  ғана емес, венгрлік авторлардың туындылары жоғары деңгейде орындалғанына куә болдық.

Россини Джоаккиноның каватинасы граф  Ди Луна мен Леонардың дуэтіндегі «Трубадур» операсын, Джузеппе Вердидің «Аттилла» ариясындағы Адабелланы алмастырып тұрды. Кеш Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған «Жерім менің» композициясымен аяқталды. Қазақстандық артистердің кәсіби шеберлігі мен әлеуетіне тәнті болған жергілікті жұрт ерекше қошемет көрсетті.   

АЛАН БУРИБАЕВ, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАС ДИРИЖЕРІ:

 - Бұл бір бірегей бастама. Себебі, ол арқылы Тәуелсіздік жылдары қалай дамығанымызды, Астана Операның жетістіктерін көрсете  білдік. Бүгінгі концерт соның айғағы. Гастролдік сапарымыз әлемнің түкпір-түкпірінде сахналанып, Астана мен Қазақстан  жер-жаһанға таныла түседі деп  сенемін. Қазақстанның мәдениеті мен музыка өнері қай кезде болмасын жоғары деңгейде!

ЛЕНДВАЙ ГЕОРГИ, БУДАПЕШТ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІНІҢ БАСҚАРУШЫСЫ:

 - Бұл тамаша концерт болды. Қазақ пен венгр халықтарының арасында өзара ортақ ұқсастықтар бар. Мен халықаралық мәдениеттің бір-бірімен тәжірибе алмасып тұруын қалаймын. Сіздер бізге өз өнерлеріңіз бен музыка мәденитін таныстырдыңыздар, біз де сіздерді төл мәдениетімізбен таңқалдырамыз деген ойдамын. 

Айта кетейік, «Астана Опера» солистері Венгрияға жасаған сапарын сәтті қорытындылады. Бұл концерт «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Венгриядағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен өтті. Артистер келер жылға үлкен жоспар құрып, әлемдік мәдени тур ұйымдастырмақшы. Демек, алдағы уақытта қазақ елінің классикалық өнері әлі талай рет шетелдік көрерменімен қауышары сөзсіз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер