Дүниежүзіне танымал артистер Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өнер көрсетті. Жаңажылдық қойылым белгілі композитор Петр Ильич Чайковскийдің «Щелкунчик» музыкалық шығармасына негізделіп сахналанды. Үлкен театр мен Станислав Немирович Данченко атындағы академиялық музыка театры Алматыға алғаш рет келіп, кішкентай көрермендерді қуантып кетті. Сәнді декорация, жаңа жылдық әдемі костюмдер кішкентай көрермендердң көңіліне махаббат пен мейірім нұрын себелеп тұрды. Ұйымдастырушалыр мұндай керемет кештер баланы бүлдіршін шағынан бастап әлем шығармаларымен танысып, музыкасымен сусындап өсуіне мол мүмкіндік беретінін атап өтті.    

АЛЕКСАНДР ДНИШОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Балалардың көбі театрға бірінші рет келіп отыр. Әлем өнерімен танысуға мүмкіндік берген Тұңғыш Президент қорына балалар мен педагогтардың және ата-аналардың атынан алғыс айтқым келеді.

АДЕЛЬ ЕЛМҰХАМБЕТ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ:

 - Мен өзім би үйірмесіне қатысамын, содан болар маған өте қызықты болды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер