Украин тілін оқыту мен бизнес серіктестік орнатудың жаңа форматы. Астанада Украинаның жаңартылған мәдени-ақпараттық орталығы ашылды. Кеңейтілген орталықтың міндеттері де артып отыр. Мұнда украин тілінде фильмдер көріп, телеарналарын тамашалауға болады. Бұл жер елшілікте кездескеннен гөрі әлдеқайда бейресми болмақ,-дейді Украина істері жөніндегі Қазақстандағы уақытша өкілі Володымыр Джиджора. Сондай-ақ, орталықтың ашылуы Украина дипломатиясының 100 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Айту керек, еліміз Украинамен тәуелсіздік алған алғашқы жылдан бастап, тығыз байланыс орнатқан.

ВОЛОДЫМЫР ДЖИДЖОРА, УКРАИНА ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ УАҚЫТША ӨКІЛІ:

 - Бұл орталықта үйреншікті украин ән мен биі ғана болмайды. Украина жайлы жан-жақты ақпарат бермекпіз. Бизнеспен, бұқаралық ақпарат құралдарымен ресми емес кездесулер өткізуді жоспарлап отырмыз. Туристік, инвестициялық мүмкіндіктерімізбен таныстыратын боламыз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер