Астанада мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтың ғұмыры жайлы кітап таныстырылды

Сыр-сұхбатқа толы ғұмырнамалық романның тұсауы кесілді. Астанада мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтың ғұмыры жайлы екі томдық туынды таныстырылды. «Таң қаламын өмірдің ғажабына» кітабының авторы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Бодаубай. Жазушының бұған дейін «Жас жүректер», «Бір үйдің балалары» , «Май жаңбыры», «Ескі дәптер шерткен сыр» атты туындылары жарық көрген болатын. Сондай-ақ, ол орыс тіліндегі бірқатар повестерді қазақ тіліне тәржімалаған. Болат Бодаубай енді өз оқырманындарын тың туындысымен қуантып отыр.

БОЛАТ БОДАУБАЙ, ЖАЗУШЫ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

 - Мен әуел баста, баяғыда 2000 жылдардың бас кезінде осы Мырзекең туралы жазу керек ау, осы жұртқа таныта түсу керек деп ойлап жүретінмін. Содан 2011 жылы «Алдымызда ағаларымыз бар ай маңдай» деген үлкен эссе жаздым. Сөйтіп сол басталып кетті. Содан 5 жыл жаздым.