Алматыда қазақ ғұламалары мен қайраткерлері бейнеленген көрме ашылды. Портрет пен табиғатты, адам қиялындағы шексіз кеңістікті көркем бейнелеген қылқалам шебері Хамза Қиқымовтың еңбектерін әріптестері жоғары бағалайды. Оның қайталанбас туындылары Австрия, Германия мен АҚШ елдері мұражайларына қойылған. Көрмеден Елбасының жастық шағына арналған картиналарды да көруге болады. Алматыдағы Тұңғыш Президент мұрағатында ашылған көрме жыл соңына дейін ашық.

ХАМЗА ҚИҚЫМОВ, СУРЕТШІ:

 - Көбінесе мына жұмыстарды жылы жасаған жұмыстар. Бір, үш, төрт жұмыс бар ертеде жасаған. Ол мына жақта. Өнер деген ішкі дүниеңді, ойыңды ашу керек. Мына жерінде шексіздік пен махаббаттың символы, Тәжімақал және өзінің шығармаларын келтіріп жасағанмын. 

Ал Қызылордада туған топырағының әр сәтін кадрге іліп жүрген фотограф Андрей Тайгуновтың жеке көрмесі ұйымдастырылды. Сыр өңірінің сан қырлы табиғаты бейнеленген көрмеге автордың бес жыл бойы жиған 40-тай еңбегі қойылды. Қызылордадағы көркемсурет галереясында ұйымдастырылған шара келер жылдың ортасына дейін жалғасады.

АНДРЕЙ ТАЙГУНОВ, ФОТОСУРЕТШІ:

 - Осы жұмыстарым арқылы Қызылорда облысына шолу жасай аласыздар. Мен Сырдың көз тартар ерекше табиғатын күллі әлемге таныстырғым келеді. Табиғат тіршіліктің әр сәтінде мың құбылады. Ал егер мен бұрын соңды еш жерде кездестірмеген сұлу табиғатты көрсем, санама картинаны сол сәтте сақтап аламына да содан тамаша туындыны дүниеге әкелемін. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер