Орталық Азия елдерінің фольклорлық музыкасы Сеулде әуеледі. «Орталық Азия - Корея Республикасы» ынтымақтастық хатшылығы Оңтүстік Кореяның аймақтағы мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасының 25 жылдығына орай фольклорлық музыка кешін ұйымдастырды. Шараға Қазақстан атынан «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі қатысқан болатын. Шетелдік көрермендер қазақ күйлері мен әндерін ерекше ықыласпен қабылдады.  

АРАЙБЕК АСҚАР, «САЗГЕН САЗЫ» ФОЛЬКЛОРЛЫҚ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ  АНСАМБЛІНІҢ ӘРТІСІ:

 - Корея халқы осы жақтан бізден сұрағаны Құрманғазының «Адай» күйі болатын. Біз әрине таңқалдық, өйткені Құрманғазы бабамыздың «Адай» күйі осы жақта да сондай танымалдыққа ие болғаны біз үшін үлкен құрмет болды. Және өзіміздің бас ақынымыз Абай Құнанабаевтың әндері болса, «Көзімнің қарасы» болса деп сұраныстар түсіп жатты. Біз өте қуанышты болдық және жоғары қөңіл-күйменен, қуанышпен сол шығарманы халыққа ұсындық.

ЙО И ГУ,  СЕУЛ МҰНАЙ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Мен Орталық Азиядағы бес мемлекеттің халық әуендерін алғаш рет естіп тұрмын. Өте қызық және көңілді өтті. Корейліктердің азиялық музыкаға қызығушылығын ояту үшін осындай шаралар жиі ұйымдастырылып тұруы керек. Мерекелік концертті ашқан түркмен және қазақ әуендері ерекше есте қалды. Мен бұрын соңды Қазақстанда болмаппын.  Яғни қазақ музыкасымен алғаш танысуым. Бір тыңдағанда азиялық әуендер ұқсас сынды. Дегенмен, әр қайсысының өзіне тән ерекшелігі бар. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер