Елордада «Күй - дастан!» атты кеш өтті

«Күй -  дастан!».  Астанада өткен өнер кешіне жиналған қауым күмбірлі күй үнін тыңдап, рухани демалып қайтты. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік бағдарламаны қалалық әкімдіктің мемлекеттік академиялық филармониясының оркестрі ұсынды. Жиналған жұртшылық  назарына халық композиторларының күйлерін, Еркеғали Рахмадиев, Әділ Бестібаев және Кенжебек Күмісбеков сынды композиторлардың туындыларын тыңдады. Астананың мемлекеттік филармониясының үрмелі аспаптар оркестрі күрделі халықтық күйлерді орындайтын ұжымдардың бірі. Музыканттар өз көрермендерін классикадан джазға дейінгі түрлі жанрлармен қуантады.

ӘКІМ МҰХАТЖАНОВ, ОРКЕСТРДІҢ БАС ДИРИЖЕРІ:

 - Кеш бағдарламасына қобыз, сазсырнай сынды халықтық аспаптарда орындалатын туындыларды қостық. Брусиловскийдің «Бозайғырын» оркестр мен филармония қобызшысы бірге  орындайды. Ал «Сарыарқа» этно-фольклорлық ансамблі сазсырнаймен бірге Сейдоллы Бәйтерековтың «Кішкентай» туындысын көрермендерге ұсынбақ.