Астана қаласының көне замандардан бүгінге дейінгі тарихы кітапқа арқау болды. Алматыдағы Ғылым Ордасында елорданың 20 жылдығына арналған ғылыми-танымдық кітап көпшілікке таныстырылды. Кітап авторы – белгілі тарихшы, Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов. Ғалым бұл еңбегін жарыққа шығару үшін 4 жыл тынбай ізденіп, мұрағат құжаттарын зерделеген. Автор белгілі тарихшылар мен өлкетанушылардың монографияларына да сүйенеді. Өңірде туып өскен қазақ елінің көрнекті тұлғаларының өмірі мен қызметіне жеке тоқталады. 3 мың данамен шыққан кітап қазақ тілінде жазылып, орыс және ағылшын тілдеріне аударылған.  

ЗИЯБЕК ҚАБЫЛДИНОВ, КІТАП АВТОРЫ:

 - Кітаптың мазмұны Астананың төл тарихына арналған. Ежелден бүгінге дейінгі тарихы баяндалады. Ақмола өңірінде туып өсіп ерекше ізін қалдырып кеткен мықты Алашшыл, патриотшыл азаматтарға арналған. Оның ішінде Қажымұқан да, қарт Бөгенбай да бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер